Қазақстан шпагамен семсерлесуден Азия ойындарында тарихи медаль жеңіп алды
Қазақстанның семсерлесуден шпагамен жарысатын ұлттық құрамасының өкілдері Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, София Николайчук және Дарья Самоделкина әйелдер арасындағы Азия ойындарында құрамаға тарихтағы алғашқы жүлдені сыйлады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жоғары рейтингінің арқасында Қазақстан құрамасы жарысты бірден ширек финалдан бастап, онда Гонконг командасын 45:35 есебімен жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасына 21:45 есебімен жол берді. Регламент бойынша үшінші орын үшін жекпе-жек өткізілмейтіндіктен, отандық спортшылар Сингапур өкілдерімен бірге қола медаль иегері атанды.
Бұған дейін осы спорт түрінен семсерлесушілер Кирилл Проходов (күміс) және Артем Саркисян (қола) Қазақстан қоржынына екі медаль салған еді.