Қазақстан әйелдер ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Бахрейндегі ӘЧ-дан күткен үмітімен бөлісті
Қазақстанның әйелдер ауыр атлетика құрамасы Манамада (Бахрейн) өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Команданың бас бапкері Иван Снегуров жарыс алдындағы мақсаттар мен медаль алу мүмкіндігі туралы айтты.
“Біздің спортшылар Қазақстан чемпионатында өз салмақ дәрежелерінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) рейтингі бойынша олар жоғары орындарға ие, бұл әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, біз “жұлқи көтеру” жаттығуында медаль аламыз деп үміттенеміз. Оны 64 келіге дейінгі салмақта Карина Горичева жеңіп алуы мүмкін”, - деді Снегуров “Дядя Ваня” Telegram-арнасына берген сұхбатында.
Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы атынан келесі спортшылар қатысады:
Карина Горичева (64 кг);
Арай Нұрлыбекова (71 кг);
Айша Омарова мен Аянат Жұмағали (екеуі де – 76 кг);
Любовь Ковальчук (+87 кг).
Футбол
Бүгін 04:58
Бокс
Бүгін 03:54
Футбол
Бүгін 03:15