locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Бесінші күннің қорытындысы

Басқа спорт түрлері 18 қара 2024 23:01
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Бесінші күннің қорытындысы
ФОТО: Instagram

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші жарыс күні аяқталды. Бүгін әйелдер арасында екі, ерлер арасында бір салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бірнеше Қазақстан рекорды жаңарды.

5-күннің нәтижесі:

Ерлер (81 келі)
1. Едіге Емберді (Астана) – 327 келі (147+180)
2. Әлібек Рахымберді (Алматы) – 323 келі (142+181)
3. Владимир Васильев (Шығыс Қазақстан облысы) – 309 келі (143+166)

Әйелдер (76 келі)
1. Аянат Жұмағали (Алматы) - 225 келі (95+130). Серпе көтеру мен қоссайыста Қазақстан Республикасының рекорды
2. Зинаида Захарченко (Қостанай облысы) – 174 келі (75+99)
3. Марта Давлетиярова (Алматы) – 173 келі (77+96)

Әйелдер (81 келі)
1. Аиша Омарова (Қарағанды ​​облысы) – 229 келі (100+129). Серпе көтеруде Қазақстан Республикасының рекорды
2. Виктория Новикова (Ақмола облысы) – 197 келі (85+112)
3. Аружан Дәулетова (Шымкент) – 194 келі (86+108)

Ел біріншілігіне 17 облыстан 212 зілтемірші (136 ерлер, 76 әйелдер) қатысуда. Чемпионат 19 қарашаға дейін жалғасады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie