locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Усман Нурмагомедов: “Мен әрқашан мықты қарсыластармен күш сынасуға дайынмын”

Усман Нурмагомедов: “Мен әрқашан мықты қарсыластармен күш сынасуға дайынмын”
ФОТО: Getty images

Bellator ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік файтер Усман Нурмагомедов ирландиялық Пол Хьюзге қарсы жекпе-жегі Champions Series World Title турнирінің басты оқиғасы болатынын мақтанышпен атап өтті. Турнир 2025 жылдың 25 қаңтарында Дубайда (БАӘ) өтеді.

“Мен әрқашан мықты қарсыластармен күш сынасуға дайынмын және Пол Хьюзды өте лайықты қарсылас деп есептеймін. Сондай-ақ, менің жекпе-жегім Дубай тарихындағы ММА-ның алғашқы басты оқиғасы болатынына ерекше мақтанамын”, — деді Нұрмагомедов Bellator ұйымының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

26 жастағы Нұрмагомедовтың мансабында 19 жекпе-жек бар, оның 18-інде жеңіске жетіп, біреуі жарамсыз деп танылды. Ал 27 жастағы Пол Хьюз 19 жекпе-жектің 17-сінде жеңіске жетті.

Мұратбек Қасымбай, Тайрон Вудлимен жекпе-жекке шығуға қызығушылық танытты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie