Иан Гарри екі салмақта чемпион болғысы келеді
UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77 кг дейін) жеңілмеген ирландиялық спортшысы Иан Гарри өзінің екі салмақта чемпион болу жолындағы идеал жоспарын бөлісті. Оның айтуынша, алдымен ол UFC 310 турнирінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновты жеңуді көздейді, содан кейін орта салмақтың үздік өкілі Хамзат Чимаевты жеңіп, тағы бір белбеу иеленбек.
“Мен Шавкатпен жекпе-жекке шығып, оны жеңемін, әлем чемпионы боламын, содан соң орта салмаққа өтемін. Кейін Хамзатпен кездесіп, оның белбеуін де аламын. Мен ешкімнен қорықпаймын”, — деді Гарри Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Гарри мен Рахмонов арасындағы жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің қосалқы басты оқиғасы болады.
РЕСМИ: Бетербиев Бивол арасынадғы екінші кездесу күні жарияланды
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13