Бекзат Алмахан жарақатынан кейін UFC-ге қайта оралуға дайын
ММА
Кеше 01:06
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Бекзат Алмахан октагонға оралуға дайын.
Спортшының менеджері Саят Абдрахмановтың айтуынша, Бекзат Алмахан наурыз айында Умар Нурмагомедовпен болған жекпе-жекте алған тізе жарақатынан толықтай айығып, қалпына келтіру кезеңін сәтті аяқтады. Қазіргі уақытта Алмахан Таиландта дайындық жиындарын өткізіп жатыр және 2025 жылдың ақпан айында қайта жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр.
Бекзат Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан болатын. Дегенмен, жеңіліске қарамастан қазақстандық спортшы жекпе-жектің басында қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді.
Алмаханның келесі қарсыласы әлі белгісіз, бірақ жақын арада бұл туралы толық ақпарат беріледі деп күтілуде.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 13:24