ВИДЕО. Атырау облысы күрес федерациясының президенті T-Mobile аренасында UFC файтерімен төбелесті
T-Mobile аренасында Шавкат Рахмонов – Иэн Гэрри жекпе-жегінің алдында күтпеген оқиға орын алды: Атырау облысы күрес федерациясының президенті Арман Тұғаев UFC жекпе-жек шебері Деннис Бузукьямен төбелесіп қалды.
Қақтығыстың видеосы Х әлеуметтік желісінде пайда болды. Кадрларда олардың жанжалының төбелеске ұласқаны анық көрінеді. Қатысушылардың бірі – Атырау облысы күрес федерациясының президенті, кәсіпкер Арман Тұғаев, екіншісі – бүгін Алджамейн Стерлингтің бұрышында болған UFC жекпе-жек шебері Деннис Бузукья (UFC-дегі рекорды 1-3).
Тұғаевтың есімі ММА жанкүйерлеріне 2022 жылдың жазында да таныс болған. Сол кезде ол Хабиб Нурмагомедовті Атыраудағы турнирге алып жүргенде полиция қызметкерін итеріп жібергені үшін 15 тәулікке қамалған еді.
Merab got into ANOTHER altercation with a fan after Aljamain Sterling lost to Mosvar Evloev. 👀 #UFC310 pic.twitter.com/MBeKMmvQkZ
— InsideFighting (@InsideFighting_) December 8, 2024
Хоккей
Бүгін 11:50