Асу Алмабаев наурыз айында октагонға қайта оралады
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев 2025 жылдың наурыз айында октагонға оралады.
"Спорт Шрёдингера" ақпарат көзінің мәліметінше, 1 наурызда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) UFC Vegas 103 (UFC Fight Night 253) турнирі өтеді, және осы бәсекеде Асу келесі жекпе-жегін өткізеді. Бұл оның UFC ұйымындағы бесінші жекпе-жегі болмақ, әрі ол UFC Apex аренасында өтеді. Алмабаевтың қарсыласы – жеңіл салмақтағы әлемнің үздік 10 файтерінің бірі. Қазіргі уақытта Асу әлемнің осы салмақ дәрежесіндегі рейтингте 7-орынға ие.
Қазақстандық спортшының соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың 20 қазанында өткен еді, онда ол бразилиялық Матеус Николаумен кездесіп, жеңіске жеткен еді. Шаршы алаңда жеңіске жеткеннен кейін Алмабаев титулдық жекпе-жекке шығуды қалайтынын мәлімдеп, UFC басшылығынан мұндай мүмкіндік сұраған болатын.
Магомед Кабардиев келесі жекпе-жегін 19 желтоқсанда Мәскеуде өткізеді.
Футбол
Бүгін 06:31
Футбол
Бүгін 02:53