Барыс шабуылшысы Қайыржан Металлургты жеңудің басты факторларын атады
“Барыстың” шабуылшысы Дінмұхаммед Қайыржан Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында Гагарин кубогының қазіргі иегері Магнитогорскінің “Металлургын” (2:1) жеңгеннен кейән команданың ойынына баға берді.
“Біз көп жағдайда қорғаныста ойнадық, лақтырылған шайбаларды тосып алуға тырыстық, аймақтан дер кезінде шығарып, шабуыл аймағында шайбаны ұстап тұрдық. Бүгін жігіттер өте жақсы ойнады. Команданың мені матчтың үздік ойыншысы деп таңдағаны екі есе қуаныш сыйлады.
Екінші кезеңдегі 2-11 лақтыру статистикасы — неге бұл кезең соншалықты қиын болды? Иә, қиындық болды, екінші кезең, алыс орындық. Бірақ қорғаныста жақсы жұмыс істеп, гол жібермедік. Шабуылда шайбаны қарсы аймаққа жеткізе алмадық, бірақ екі лақтырудың бірінде гол соғуымыз - бұл жақсы тиімділік.
Біз қорғаныста жинақы әрі тығыз ойнауға тырысамыз. Мүмкіндік болғанда, қарымта шабуылға шығып, гол соғуға ұмтыламыз. Сочиде бірнеше шайба қарымта шабуылдан соғылды, бүгінгі екінші шайба да, айтуға болады, дәл сондай шабуылдан болды. Физикалық дайындық деңгейіміз жаман емес, қазіргі уақытта тынымсыз жаттығып жатырмыз. Формамызды біршама жақсарттық. Бұл нәтиже береді, демек, осылай жалғастыру керек”, — деді Қайыржан Sport+ берген пікірінде.
Футбол
Бүгін 04:58
Бокс
Бүгін 03:54
Футбол
Бүгін 03:15