Қазақстандық хоккейші американдық клубта дебют жасайды
Хоккей
05 жел 2024 01:34
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Instagram
Бостон хоккей академиясының U-16 командасында ойнап жүрген Қазақстандық шабуылшы Бексұлтан Мағыш жақында "Дюбьюк Файтинг Сэйнтс" командасында USHL лигасында дебют жасайды, деп хабарлайды shaiba.kz.
Мамыр айында шабуылшы осы клубпен лиганың драфтында таңдалған болатын.
Бірнеше аптадан кейін Бексұлтан Мағыш Бостон хоккей академиясына қайта оралады. Осы маусымда ол 34 матч өткізіп, 68 (32+36) ұпай жинады. Ол өз командасының үздік бомбардирі болып табылады және лигада нәтижелілігі бойынша бесінші орында тұр.
Еске сала кетсек, "Дюбьюк Файтинг Сэйнтс" командасында 2020–2021 маусымында Андрей Буяльский ойнаған.
ҚХЛ турнирлік кестесі: Барыс Спартакқа қарсы жеңілістен плей-офф аймағынан қаншалықты алыс.
Танымал жаңалықтар