Алексей Зубов допинг дауы жайлы пікір білдірді
Қазақстан ұлттық құрамасының және "Торпедо" хоккей клубының шабуылшысы Алексей Зубов допинг-тестінде тыйым салынған заттың табылғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Шайба.kz.
"Талдауларда тыйым салынған заттар екі-үш жыл бұрын организміме кіргені және олардың қалдықтары қалғаны көрсетілген. Олар төрт жылға дейін сақталады. Қашан және қалай мен қандай да бір тыйым салынған қоспаны қабылдағанымды білмеймін. Егер мен арнайы қолданған болсам, ол басқа әңгіме болар еді, бірақ мен үшін тыйым салынған заттың табылғанын естіп таңырқап қалдым", - деді Зубов.
2024/2025 маусымында Зубов "Торпедо" сапында 26 матчқа қатысып, 21 (4+17) ұпай жинады.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Головой об лёд" телеграм - арнасы хоккеистің допинг-тестінде тыйым салынған препараттың қалдықтары табылғаны туралы хабарлаған болатын.
Футбол
Бүгін 07:47
Футбол
Бүгін 07:34