Футзалдан Чемпиондар лигасы. Семей турнирдің екі дүркін чемпионына есе берді
Бүгін футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің 1-туры аясында қазақстандық “Семей” испаниялық “Пальмамен” кездесті.
Кездесудің фавориті Чемпиондар лигасын екі маусым қатарынан жеңіп алған Испания клубы болды. Бірақ соған қарамастан, матч 5-ші минутта Игитаның голымен басталды, испандықтар оған бірнеше секундтан кейін жауап қайтарды. Кездесудің бірінші жартысы осылай тең аяқталды. Ал екінші таймның ортасында “Пальма” алға шығып, кейін тағы 2 жауапсыз гол соқты. Пальма-де-Майоркадағы кездесу 1:4 есебімен аяқталды.
Футзалдан Чемпиондар лигасы. 1-тур. 27 қараша
Семей (Қазақстан) – Пальма (Испания) – 1:4
Голдар: Игита 5 - Фабиньо 6, 39, 40, Мачадо 31.
D тобында Польшаның “Рекорд” пен Словакияның “Луценец” командалары бар. Турнирдің финалдық кезеңіне тек төрттіктің жеңімпазы шығады.
Футбол
Бүгін 13:24