locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы фуьзалдан ӘЧ-2024-ке дайындық ойынында жеңіске жетті

Футзал 22 там 2024 12:37
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Қазақстан құрамасы фуьзалдан ӘЧ-2024-ке дайындық ойынында жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындалу барысында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Бейсенбі, 22 тамыз күні, қазақстандық футзалшылар Тәжікстан құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

ӘЧ-2024 алдында Қазақстан құрамасы бес жолдастық кездесу өткізу қажет. Оның біріншісін құрама жеңіспен бастады.

Тәжікстан құрамасына қарсы ойын Астанада өтті. Қазақстандыщ футзалшылар қарсыластың қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлры және Ақжол Дәрібай голдарымен көзге түсті.

Сенбі күні, 24 тамызда, Қазақстан және Тәжікстан құрамалары өзара тағы бір кездесу өткізеді. Қазақстан құрамасы одан бөлек Иран және Аргентина құрамаларына қарсы өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, ӘЧ-2024 Өзбекстанда 14 қыркүйектен, 6-шы қазанға дейін болады. Қазақстан құрамасы D тобына түсіп, Ливия, Жаңа Зеландия, Испания өкілдерімен күш сынасады.

Осыдан алдын футзалдан Қазақстан құрамасының ойындар кестесін жариялаған едік. Құрамалар титулға күресті 12-ші қазанда бастайды.