Макс Ферстаппен: "Қазіргі мақсатымыз – тек алға жылжу"
Формула-1
18 қаз 2024 03:09
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Макс Ферстаппен: "Қазіргі мақсатымыз – тек алға жылжу"
27 жастағы “Ред Булл” командасының үш дүркін Формула-1 чемпионы Макс Ферстаппен АҚШ-тың Остин қаласында өтетін алдағы Гран-придің оның “Макларен” командасындағы британдық Ландо Норриспен титулға таластағы маңыздылығына қатысты пікір білдірді.
“Бұл кезеңнің титулға таласта шешуші болатынын нақты айта алмаймын. Бірақ қазіргі мақсатымыз – тек алға жылжу. Бұл қашан және қалай болатынын білмеймін. Алда әлі алты кезең бар, бұл уақыт ішінде жұмыс жалғаса береді”, – деп Ферстаппеннің сөзін Racingnews365 басылымы келтіреді.
Қазіргі уақытта Макс жеке есепте Норристен 52 ұпайға алда тұр, алайда “Макларен” Конструкторлар кубогында көш бастап келеді.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44