Жуковский Атыраудан кеткеннен кейін ҚПЛ клубтарынан қандай ұсыныстар түскенін айтты
“Атыраудың” бұрынғы бас бапкері Виталий Жуковский “мұнайшылардың” капитандық көпірін тастағаннан соң Қазақстанның қай клубтары жұмыс ұсынғанын айтты.
“Қазақстанның тағы бір клубы және Беларусьтен бір нұсқа келді. Мен ”ұсыныстар" деп айтпас едім: бір жерде спорт директорымен, бір жерде басшылықпен, бір жерде агент арқылы сөйлесулер ғана болды. “Инсайдерлер” арасында ақшаға келіспеді деген сөздер бар екенін көрдім. Бірақ бұл төрт жағдайдың бірінде де әңгіме қаржы жағына жеткен жоқ. Мен үшін клубтың міндеттері қандай, жұмыстың құрылымы және олар менен не қалайтыны маңыздырақ. Мен үшін жұмыс табу қиынырақ, өйткені менде 15 жыл бойы агент болған емес. Бірақ, әрқашан өзім-ақ жұмыс табатынмын", - деді беларусь маманы football.by сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Виталий Жуковский “Тұранның” ұсынысынан бас тартқан болатын.
Футбол
Бүгін 13:33
Бокс
Бүгін 11:16