Жоржиньо мен Зайнутдинов бір команда да өнер көрсетуі мүмкін
Футбол
Кеше 22:48
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Лондондық “Арсеналдың” 32 жастағы жартылай қорғаушысы Жоржиньо “Бешікташтың” назарында, деп хабарлайды журналист Экрем Конур.
Ақпарат көзінің мәліметінше, италиялық футболшы келесі жылдың жазында еркін агент ретінде стамбұлдық клубқа ауысуы мүмкін. Оның “Арсеналмен” келісімшарты 2025 жылдың жазының соңына дейін жарамды.
Ағымдағы маусымда Жоржиньо “Арсенал” сапында жеті матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. Transfermarkt оның құнын 12 миллион еуроға бағалайды.
Айта кетейік, “Бешікташ” сапында қазақстандық әмбебап ойыншы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.
Танымал жаңалықтар
Бокс
Бүгін 03:54
Футбол
Бүгін 03:15