locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зайнутдинов Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде, Луганоға қарсы ойынға қатыспайды

Футбол 21 там 2024 10:45
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Зайнутдинов Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде, Луганоға қарсы ойынға қатыспайды

Бахтиер Зайнутдинов Еуропа лигасының "Луганоға" қарсы ойынға шақырту алған ойыншылардың тізіміне енбеді. Кездесу, 22 тамыз күні, бейсенбіде Швейцарияда өтеді.

Түркиялық "Бешікташ" сапында, еуропа лигасының іріктеу кезеңінде, Швейцариялық "Луганоға" қарсы ойынға шақырту алған ойыншылардың арасында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов жоқ. Бірақ, осыдан алдын Түркиялық БАҚ өкілі, Зайнутдинов ойынға шақырту алды деген ақпарат берген болатын. "Лугано" - "Бешікташ" арасындағы ойын Тунеде, 22 тамыз күні Астана уақытымен сағат 23:30-да өтеді. Қос ойынның нәтижесінде басым болған клуб еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА-дан "Бешікташқа" 2023 жылдың тамыз айында ауысты. Трансфер құны - 4,5 миллион еуроны құрады. Қос тарап арасындағы келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt 26 жасар жартылай қорғаушының құнын 5 миллион еуроға бағалайды.