Юрген Клопп Лига 2 клубына келуі мүмкін
“Ливерпульдің” бұрынғы жаттықтырушысы Юрген Клопп Францияның екінші дивизионындағы ФК «Париж» футбол клубын басқаруы мүмкін. Бұл туралы Goal хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, LVMH сәнді империясының иелері Арно отбасы клубтың 52% акциясын сатып алуға ниетті, бұл ұзақ мерзімді жобаның басталуын білдіреді. Red Bull клубтың 11% үлесін иеленеді, ал қазіргі иесі Пьер Феррачи 30% үлесін сақтайды. 2027 жылға қарай Арно иелігіндегі үлесі 80%-ға дейін артады деп күтілуде, Red Bull да өзінің үлесін 15%-ға дейін арттырады.
Клопп қаңтарда Red Bull-ға футбол басшы ретінде қосылған болатын. Жаттықтырушы мен Red Bull ынтымақтастығы ойыншыларды дамыту жағынан озық көзқарас әкеледі. Антуан Арно неміс маманымен ауқымды келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Сол үшін оның “Париж” клубымен жұмыс жасауы қазірдің өзінде басталып кетті деп айтуға болады.
Юрген Клопп жұмысын нөлден бастауы керек, өйткені “Париж” әлі алаңда үлкен жетістіктерге жете алмады. Дегенмен, клуб қазіргі уақытта Лига 2 кестесінің басында және Францияның жоғарғы лигасына көтерілуді мақсат етіп отыр.
Бокс
Бүгін 03:54
Футбол
Бүгін 03:15