Вороговскийlдің Астана - Челси матчынан кейінгі пікірі
"Астана" қорғаушысы Ян Вороговский Лига Конференциясының 5-турында "Челси" командасынан (1:3) алған үйдегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
— Ойынға дайындық жасанды алаңда өтті, бірақ матч табиғи алаңда болды. Бұл өзгеріс қалай әсер етті?
— Әрине, біраз қиындық болды. Екі апта ойынсыз жаттықтық, тіпті жаттығу матчтарын өткізе алмадық. Дегенмен, біз өте қарқынды дайындалдық, және жаттықтырушыларымыз бізді жақсы дайындады деп ойлаймын.
— Егер тәжірибе көп болғанда, нәтиже өзгеше болар ма еді?
— Мүмкін, бірінші таймда кейбір тактикалық тапсырмаларды дұрыс орындай алмадық. Ал екінші таймда жақсырақ ойнадық, екінші голды соғып, ойынның барысы басқа арнаға түсуі мүмкін еді. Үшінші голды да соғатын едік деп ойлаймын.
— Командада қобалжу болды ма, бұл ойынды әсер етті ме?
— Жоқ, қобалжу болмады. Біздің құрамда тәжірибелі ойыншылар бар, олар өз деңгейінде ойнады. Сондықтан бұл бізді мүлде тоқтатпады, бар күшімізді салдық.
Лондонда Челсидің жастарының Астанағатқарсы ойыны жоғары бағаланды
Футбол
Бүгін 14:28
Футбол
Бүгін 13:25