Тер Штеген жарақатынан кейін жаттығуларды бастады
Футбол
18 қаз 2024 23:26
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Тер Штеген жарақатынан кейін жаттығуларды бастады
“Барселона” мен Германия құрамасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген жарақатынан кейін қалпына келу процесін бастады.
Тізе жарақатына байланысты саптан шыққан тер Штеген сәтті ота жасатты. Оң тізедегі сіңір жарақатын емдеу бойынша ота қыркүйектің соңында жасалған болатын.
Еске сала кетейік, Тер Штеген жарақатты 22 қыркүйек, жексенбі күні Испания чемпионатында “Вильярреалға” қарсы өткен матчтың соңында алған болатын (5:1). Қақпашы бірінші таймға қосылған қосымша уақытта жарақаттанып, алаңнан зембілмен шығарылған еді. Кейіннен ауруханаға жеткізілді.
Марк-Андрені Войцех Щенсны алмастырады. Поляк ойыншысы 20 қазан күні “Севильяға” қарсы матчта дебют жасайды деп күтілуде.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44