locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сабах» Покатиловпен бірге Чемпиондар лигасында тарихи жеңіске жетті

Әзербайжандық команда праголық «Славияны» жеңді
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар Лигасы
13.10.2026, Аяқт.
Сабах
2
Славия Прага
0

13 қазанда әзербайжандық «Сабах» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда праголық «Славияны» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчты алғашқы минуттардан бастап, капитандық жапсырмамен өз командасын алаңға шығарды.

Покатиловпен бірге «Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде клуб тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Әзербайжандық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы есепті 49-минутта ямайкалық вингер Кахима Перрис ашты. Ал жеңіс нүктесін Руандадан шыққан шабуылшы Джой-Ланс Микелс қойды – 2:0.

Осылайша, екі турдан кейін әзербайжандық команда қоржынында үш ұпай бар. «Славияның» еншісінде 0 ұпай қалды.

Еске салайық, «Сабах» пен Покатилов ең беделді клубтық турнирдің жалпы кезеңіндегі дебютін «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен ойсырай жеңілуден бастады.

УЕФА Чемпиондар лигасы
Жалпы кезең, 2-тур
«Сабах» – «Славия» 2:0
Голдар
: Перрис, 49, Джой-Ланс Микелс, 88

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie