Покатилов Чемпиондар лигасы матчындағы үздік ойыншы атанды
Стас Покатилов әзербайжандық «Сабахқа» УЕФА Чемпиондар лигасында тарихи жеңіске жетуге көмектесті, деп хабарлайды Sports24.kz.
13 қазанда «Сабах» праголық «Славияны» 2:0 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Еуропадағы ең беделді клубтық турнирдің жалпы кезеңіндегі Баку клубының тарихындағы алғашқы жеңісі болды.
Қазақстан құрамасының қақпашысы матчты капитандық таңғышпен өткізіп, командасының жеңісіне зор үлес қосты.
Покатилов матч барысында алты сейв жасап, алдын алған голдары көрсеткіші 1,43 болды. Қақпашы алаңдағы барлық ойыншылардың арасындағы ең жоғары бағаға ие болды. Flashscore Покатиловтың ойынына 9,0 балл қойды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасындағы екі турдан кейін әзербайжандық клубтың еншісінде үш ұпай бар. «Славияның» қоржынында ұпай жоқ. «Сабах» ең беделді клубтық турнирдің жалпы кезеңіндегі дебютін «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен ойсырай жеңілуден бастады.
«Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі келесі матчын 20 қазанда өз алаңында дортмундтық «Боруссияға» қарсы өткізеді.
