Руни Англия құрамасының Тухельді бас бапкер еткені жайлы: "Мен таңғалдым"
Англия құрамасының және “Манчестер Юнайтед” клубының бұрынғы жұлдызы Уэйн Руни Томас Тухельдің Англия құрамасының бас бапкері болып тағайындалуына қатысты өз пікірін білдірді.
"Мен таңғалдым. Ол өте керемет жаттықтырушы, бірақ Англия Федерациясының оны таңдағанына таңмын. Дегенмен, мен оған сәттілік тілеймін және ол қызметін жақсы атқаратынына үміттенемін.
Англия Федерациясы соңғы 10-15 жылда құрған жүйе жас жаттықтырушыларға тамаша платформа болды, сондықтан олардың өз ішінен біреуді таңдамағанына таңғаламын. Бірақ, мен айтқандай, олар осындай шешім қабылдады, және мен Тухельге тек жақсылық тілеймін. Ол барлық қиындықтармен жақсы күреседі деп үміттенемін", — деді Руни.
Еске сала кетейік, Анлия құрамасы Тухельмен келісімшарт мерзімін 2026 жылғы Әлем чемпионатының соңына жасады. Сонымен қоса, бапкер бір жыл қайта ұзарта алу құқығына ие.