Рубен АМОРИМ - Ситимен ойындағы жеңістен соң: "Ғажайып нәрсе орын алды, өзіме сене алар емеспін"
Бүгін “Манчестер Юнайтед” сырт алаңда “Манчестер Ситиге” қарсы ойында (2:1), 88 және 90-шы минуттарда гол соғып, жеңісті жұлып алды. “Қызыл сойқандардың” бас бапкері кездесуден кейінгі эмоцияларымен бөлісіп, бұл жеңісті ғажайып деп атады.
"Бұл керемет болды. Менің ойымша, біз жеңіске лайық едік. Бұл өте қиын матч болды, бірақ ысқырық естілгенше өзімізге сендік. Гол соға алған себебіміз - бізге бұл жеңіс керек еді, бұл біз үшін де, жанкүйерлеріміз үшін де маңызды кездесу болды. Біз ойында 90 минут болдық, және нәтижеге жете алдық.
Мен командаға соңына дейін сендім. Содан кейін Ферги-тайм болып, ғажайып нәрсе орын алды, өзіме сене алар емеспін. Бұл біз үшін өте жақсы күн болды", - деді португалдық маман.
“Манчестер Юнайтед” турнир кестесінде 16 матчта 22 ұпай жинап, 13-ші орында тұр. Ал “Сити” өз кезегінде 27 ұпаймен 5-ші орында табан тіреді.