Ресей сарапшы комитеті төрешілердің Әліпке қызыл қағаз көрсетпеу жайлы шешімдерін қолдады
Ресей футбол одағының (РФО) сарапшы-төреші комиссиясы 2024/2025 маусымдағы РПЛ-дің 8-турындағы ЦСКА мен "Зенит" (0:1) арасындағы матчтағы Мойзес пен Нұралы Әліптің қатысуымен болған даулы эпизодты мәскеулік клубының өтініші бойынша қарады.
"Төреші дұрыс шешім қабылдап, "Зенит" командасының №28 ойыншысы Нұрәлі Әліпті ойынның 80-минутында алаңнан қуған жоқ. СТК шешімі бойынша, комиссия мүшелерінің барлығының пікірінше, ЦСКА-ның №27 ойыншысы Мойзеспен допқа талас кезінде және осы сәттен кейінгі жанжал барысында "Зенит" ойыншысының әрекеттерінде ережені өрескел бұзу немесе агрессивті мінез-құлық элементтері байқалмаған, өйткені "Зенит" ойыншысы тарапынан шамадан тыс күш қолдану болмаған.
Осы себепті комиссия төрешінің "Зенит" ойыншысына спорттық емес мінез-құлығы үшін ескерту жасау туралы шешімін бірауыздан қолдайды", — делінген РФО сайтында жарияланған СТК мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұл матчта "Зенит" сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Әліп 46-минутта ойынға қосылды.