Стас Покатилов - жылдың үздік қақпашысы
Qazaqstan Football League 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша, QFL Премьер-лигасының үздік қақпашысы деп Стас Покативлов танылды. Қақпашы Ордабаев Құралбек атындағы номинациясын иеленді. Үздік қақпашыны турнирге қатысқан клубтардың капитаны мен бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.
32 жастағы қақпашы осы маусымдағы турнирдің барлық ойындарына қатысып, гол жібермеу көрсеткіші бойынша үздік атанды. Ол 11 ойында қақпасын аман сақтап, 56 соққыны қайтарды.
Стас қостанайлық ұжыммен бірге QFL Премьер-лигасында 5-орынға табан тіреп, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында жартылай финалға дейін жетті. Сондай-ақ, ол OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Қайрат командасының экс – ойыншысы Артем Крачковский мансабын Бердыев басқаратын клубта жалғастырады.
ММА
Бүгін 00:55