Наргис Магау ҚФФ Президенттігіне сайлаудан шығу себебін түсіндірді
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚФФ баспасөз қызметі федерация президенттігіне тіркелген үміткерлердің жаңартылған тізімін жариялаған болатын.
"Кеше Швейцарияда өтетін 2025 жылғы әйелдер арасындағы Европа чемпионатының жеребесі өтті. Өкінішке орай, біздің команда оған қатыспайды. Алайда, мен осы чемпионаттың матчтарында жұмысқа орналасуға үміткер төрешілер тізіміне кірдім. Сондықтан мен өзімнің төрешілік мансабыма көніл аудару туралы шешім қабылдадым, өйткені Европа чемпионаты сияқты ірі турнирде біздің еліміздің атынан қатысу үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Алдағы айларда Евроға дайындық аясында мені матчтар күтіп тұр. Бұл менен көп күш пен уақытты қажет ететіні сөзсіз. Мен чемпионатта жұмыс істеуге сенетін төрешілердің соңғы тізіміне ену үшін бар күшімді саламын. Алдағы сайлауда қалған кандидаттарға сәттілік тілеймін! Ал мен халықаралық төреші ретінде қазақстандық футболдың игілігі үшін жұмысты жалғастыру үшін бар күшімді саламын, - деп бөлісті Наргис Магау.
ҚФФ кезектен тыс XXVII сайланбалы конференциясы 2024 жылғы 20 желтоқсанда өтеді - деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Хоккей
Бүгін 13:58
Футбол
Бүгін 13:18
Футбол
Бүгін 13:00