locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моуриньюның «Бернабеу»ға оралуы: «Реал» мен «Реал Сосьедад» арасындағы матчты қайдан көруге болады

Старттық ысқырық Астана уақыты бойынша 00:00-де естіледі
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Моуриньюның «Бернабеу»ға оралуы: «Реал» мен «Реал Сосьедад» арасындағы матчты қайдан көруге болады
ФОТО: Getty Images
Ла Лига Испания
26.08.2026, Аяқт.
Реал Мадрид
4
Реал Сосьедад
1

Испания Ла Лигасының бірінші турынан кейінге қалдырылған матчта мадридтік «Реал» «Бернабеу» алаңында «Реал Сосьедадты» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Испания астанасында өтетін кездесудің старттық ысқырығы Астана уақыты бойынша 00:00-де естіледі. Тікелей трансляцияны Кинопоисктен және liveball.sx сайтынан көруге болады.

Мадрид командасының бұл матчқа арналған бастапқы құрамы белгілі болды:

Куртуа; Думфрис, Конате, Хэйсен, Каррерас; Вальверде, Бернардо Силва, Беллингем; Винисиус, Мбаппе, Гюлер.

Бұл матчтың басты ерекшелігі — португалиялық бапкер Жозе Моуринью «корольдік клубқа» қайта оралып, алғаш рет «Бернабеу» алаңына шығады.

Еске салсақ, «сливочные» маусымның алғашқы ойынында сырт алаңда «Эспаньолды» жеңген болатын. Джуд Беллингем «бланкосты» ерте алға шығарды, алайда бірінші таймда-ақ «попугаилар» есепті теңестірді. Шешуші сәт матч соңында орын алды: 90-минутта Карлос Эспи мадридтіктердің екінші голын соғып, «Реалға» жеңіс сыйлады – 2:1.

Енді «Особенный» өз командасын «Бернабеу» алаңында жеңіске жеткізуге тырысады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie