Марин Томасов Челсиге қарсы матчтан соң кешірім сұрады
Футбол
Бүгін 13:16
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: QFL
“Астананың” хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов Конференция лигасының жалпы кезеңінде лондондық “Челсиден” 1:3 есебімен жеңілгені туралы айтты.
“Бүгін бізге оңай болған жоқ, бірақ бір гол соға алғанымызға қуаныштымын. Алайда жеңіске жету үшін бұл гол жеткіліксіз болды. Жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Мойындауымыз керек, маусым оңай болған жоқ. Қолдауларыңыз үшін рахмет”, - деп келтіреді Томасовтың сөзін meta-ratings.kz.
Алаң иелерінің “Челсиге” жалғыз голын Томасов соқты. Сондай-ақ ол Сейсеннен кейінгі елордалық клубтың екінші үздік ойыншысы атанды.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 14:28
Футбол
Бүгін 13:25