locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды

Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды
ФОТО: KFF_team

Елордада КФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтті, онда Марат Омаров федерация президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын «Астана қаласының футбол федерациясы» ЗТБ ұсынды.

Сонымен қатар, бұл лауазымға футбол функционері Алтай Даумов пен спорт журналисі Ербол Қайыров үміткер болды. Тағы үш үміткер сайлау алдындағы кезеңде өз кандидатураларын алып тастады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Марат Омаров 34 дауыс жинады, Алтай Даумов 2 дауысқа ие болды, ал Ербол Қайыров ешқандай дауыс алмады.

Марат Омаров әртүрлі ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі маман. 2022 жылдың тамызында ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Омаров КФФ басшысы ретінде Адлет Барменқұловтың орнына келді. Оның ұйымнан кеткені қараша айында белгілі болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie