Ливерпуль – Фулхэм - 2:2. Ливерпуль 10 адаммен ойнап тең түсті! Голдар және матчқа бейнешолу
14-ші желтоқсанда Ағылшын Премьер-лигасының 16-шы туры аясында “Ливерпуль” “Энфилд” стадионында “Фулхэмді” қабылдады.
Матч тартысты болды: 9-шы минутта командалар сары қағаздармен алмасып үлгерді. Содан бір-екі минут өткенде қонақтар қарымта шабуылдан кейін алғашқы голын соқты. 17-ші минутта “мерсисайдтықтар” қорғаушысы Робертсон допты сәтсіз қабылдап, Уилсонды жерге құлатты. Төреші соңғы үміт фолы үшін ойыншыны алаңнан қуды. Матчтың екінші таймының басында Гакпо есепті теңестірді. Артынша, Мунис допты қақпаның алыс бұрышына жіберіп, қонақтарды алға шығарды. Кездесудің ең соңында Жота матчтағы соңғы голды соғып, командасына тең есеп әкелді.
АПЛ. 16-шы тур. 14-ші желтоқсан.
Ливерпуль – Фулхэм – 2:2
Голдар: Гакпо, 47, Жота, 86 - Перейра, 11, Мунис, 76.
Қызыл қағаз: Робертсон (Ливерпуль), 17.
Матчқа бейнешолу:
Футбол
Бүгін 09:47