Ламин ЯМАЛЬ: "Мессимен салыстырулар кейде көмектеспейді"
"Барселонаның" 17 жастағы ойыншысы және "Golden Boy" сыйлығының иегері - Ламин Ямаль Лионель Мессимен салыстыру оған кейде көмектеспейтінін айтты.
- Сіздің 17 жасыңыздағы көрсеткіштеріңіз Мессиге қарағанда жақсырақ. Сізді онымен салыстырғанда мақтаныш сезімі пайда болады ма?
– Бұл мен үшін үлкен мәртебе, бірақ мен өз тарихымды жазуға тырысамын. Месси - тарихтағы ең үздік, мен әлі де алғашқы қадамдарды жасап отырмын. Кейде бұл салыстырулар көмектеспейді.
– Сіз қай ойыншыға әрқашан назар аударасыз?
- Мессиден басқа, бұл Неймар мен Роналдиньо. Негізінен олардың көңілді стилі мен ойын түрінің арқасында... Мен әрқашан жаңа нәрсені сынап көремін", - деді "Барселона" шабуылшысы Ламин Ямаль.
Ағымдағы маусымда, жас испандық барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, 6 гол соғып, 12 ассист берді.
Хоккей
Бүгін 13:58
Футбол
Бүгін 13:18
Футбол
Бүгін 13:00