locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Криштиану Роналду Зинедин Зиданмен Әл-Насрда қауышқысы келеді

Marca басылымының ақпараты бойынша, «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду клуб басшылығына жаттықтырушылар құрамы туралы өз пікірін білдірді. Ол командаға жаттықтырушы орнында өзгерістер қажет деп санайды және бұл орынға Зинедин Зиданның кандидатурасын ұсынды. Роналду Зиданмен бірге «Реалда» жұмыс істеп, қатарынан үш рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алғанын еске салды.

Қазіргі уақытта «Әл-Наср» клубының бас бапкері 62 жастағы португалдық маман Луиш Каштру болып табылады. Жаңа маусымның басында команда Суперкубоктп «Әл-Хиләлден» 1:4 есебімен жеңіліп, Сауд Арабиясы чемпионатының алғашқы турында «Әл-Раедпен» 1:1 есебімен тең түсті. Бұған дейін 39 жастағы Криштиану Роналду өзінің ойыншы мансабын осы клубта аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.