locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Криштиану Роналду Әл-Наср клубымен келісімшарт мерзімін ұзартуға жақын

ФОТО:  Getty images

Футбол әлемінің жұлдызы “Әл-Наср” клубының өкілдерімен кездесіп, клубтағы болашағын талқылады. Журналист Руди Галеттидің хабарлауынша, Криштиану Роналду бас директор Фиенга, PIF делегациясы және Туризм министрлігінің өкілімен кездесу өткізді.

Келіссөздер оң нәтиже беріп, барлық тараптар жақын арада келісімге қол жеткізетініне сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, Роналдудың қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды. 2024 жылдың мамыр айында ол маусымда 35 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені ретінде “Алтын бутса” жүлдесін иеленді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie