locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Косово футбол федерациясы УЕФА шешімімен келіспейді

Косово футбол федерациясы УЕФА шешімімен келіспейді
ФОТО: gettyimages.com

Косово футбол федерациясы (FFK) Еуропалық футбол ассоциациялары одағының (УЕФА) Косово құрамасына Румынияға қарсы Ұлттар лигасы матчы бойынша техникалық жеңіліс беру туралы шешіміне Спорттық арбитражды сотқа (CAS) апелляция беретінін хабарлады.

"Футбол федерациясы мен біздің команда ойыншылары үшін бұл шешім Косовоға қарсы нәсілшілдік ұрандар мен саяси арандатушылықтарға қарсы әрекеттеріміздің дұрыстығын растайды. Бұл шешім біздің әрекеттерімізді толықтай ақтайды және біз командамыздың жағдайды дұрыс бағалап, кемсітушілікке қарсы наразылық ретінде алаңды тастап шыққанымызға мақтанамыз. Бұл шешім Косово халықаралық футболда қадір-қасиетті қорғау мен сыйластық таныту үшін жаңа стандарт орнатқанын көрсетеді.

Дегенмен, біз Косовоны үш ұпайдан айыру және Румынияға 3:0 есебімен жеңіс беру туралы шешіммен келіспейміз. Осы шешімге байланысты федерация Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сотқа апелляция беріп, ұлттық командамыздың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды жалғастырады.

Бұл жағдай тек Косово футболына ғана емес, сондай-ақ барлық формадағы расизм мен дискриминацияға қарсы күрес. Біздің футболшыларымыз ауыр жағдайларда ойнаудан бас тартып, үлкен ерлік пен үлгі боларлық тәртіп көрсетті, ал УЕФА-ның бұл шешімі футболда жеккөрініштілік, расизм мен саяси арандатушылықтарға орын жоқ екенін айқын дәлелдейді", — деп мәлімдеді федерация.

Еске салсақ, Косово ойыншылары Румыниямен өткен Ұлттар лигасы матчының соңына бірнеше минут қалғанда алаңды тастап кеткен болатын, себебі матч қожайындарының жанкүйерлері “Сербия, Сербия!” деп айғайлап, серб туын көтерген.

Бұл ойын есепке алынбаған жағдайда, Румыния құрамасы 15 ұпаймен C лигасы 2-тобында бірінші орын алды, ал Косово құрамасы 12 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie