IFFHS нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік футболшыларының тізімі жарияланды
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2024 жылдың үздік 10 футболшысының тізімін жариялады.
Бірінші орынды “Манчестер Ситидің” жартылай қорғаушысы және “алтын доп” иегері Родри иеленді. Екінші орында мадридтік “Реалдың” вингері Винисиус. Ал үздік үштікті бразилиялықтың әріптесі Джуд Беллингем түйіндеді. Сондай-ақ тізімде “бланкостың” тағы 3 ойыншысы болды.
IFFHS бойынша 2024 жылдың үздік футболшыларының толық тізімі:
Родри ("Манчестер Сити") - 191 ұпай;
Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") -166 ұпай;
Джуд Беллингем ("Реал Мадрид") - 62 ұпай;
Ламин Ямаль ("Барселона") - 39 ұпай;
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 35 ұпай;
Даниэль Карвахаль("Реал Мадрид") - 35 ұпай;
Тони Кроос ("Реал Мадрид") - 10 ұпай;
Харри Кейн ("Бавария") - 9 ұпай;
Лаутаро Мартинес ("Интер") - 8 ұпай;
Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид"/"ПСЖ") - 7 ұпай.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 14:23
Хоккей
Бүгін 14:10