Хуан Мата Сан-Диего футбол клубына инвестиция құйды
Танымал испандық жартылай қорғаушы Хуан Мата 2025 жылдан бастап MLS (Major League Soccer) лигасында ойнайтын “Сан-Диего” клубының акционері атанды. 36 жастағы футболшы клубтың акциясын сатып алып, ойыншылық мансабынан тыс футболдағы қызметін кеңейтті.
Қазіргі уақытта Мата Австралияның “Вестерн Сидней” клубында ойнап жүр.
“Сан-Диего” 2025 жылы MLS-тің жаңа қатысушысы болмақ және футболды дамытудағы амбициялық көзқарасымен жанкүйерлердің назарын аударуда. Матадан бөлек, клубтың инвесторлары қатарында атақты америкалық кәсіпкерлер мен спорт әлемінің танымал тұлғалары бар.
Бұрын “Манчестер Юнайтед”, “Челси” және “Валенсия” сияқты танымал клубтардың намысын қорғаған Мата “Сан-Диегоға” салынған инвестицияны ұзақмерзімді жоба деп атады.
Мата Австралиядағы ойыншылық мансабын аяқтаған соң, “Сан-Диегоның” дамуына белсенді атсалысып, әлемдік футболда инвестор әрі футбол елшісі ретіндегі ықпалын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Футбол
Бүгін 04:58
Бокс
Бүгін 03:54
Футбол
Бүгін 03:15