locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Футболдан елдің бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін

Футболдан елдің бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін
Футболдан елдің бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін

"Ақтөбе" бас бапкері Парфеновтың клубтағы болашағы бұлыңғыр. Әкімшілік әр ойында жеңіс керек деген талап қойды. Тең нәтиженің өзі жеңіліспен бірдей екені қатаң түрде ескіртілді. Жағдай ушығып кеткен жағдайда клубты кім басқаруы мүмкін?

"Ахмат" бас бапкері Магомед Адиевтің де жағдайы онша емес. Клуб соңғы уақытта жеңіске жетудің жолдарын ұмытып кеткендей көрінеді. Клуб жанкүйерлері тарапынан да Адиев қызметіне байланысты біршама сыни пікірлер қалыптасты. Алдағы уақытта Адиевтің жігіттері жеңіс жолына оралмаса өткен маусымдағы жетістікке қарамастан ол қызметінен кететін секілді көрінеді.

Қазақстандық топ-клубтар тап осы сәтті асыға күтіп отыр. Олар Адиевті уысына түсіріп, бас бапкер қызметіне тағайындағысы келеді. Дегенмен, Адиевтің қалауы "Ақтөбені" жаттықтыруды деседі. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған сәтте Магомед Мұсаұлы "Ақтөбені" жаттықтыруға жақын болды. Алайда Еуропа Чемпионатына шығу мүмкіндігі болғандықтан назар үшін назар толықтай құрамаға аударылып еді. Араға уақыт салып Магомед Адиевке бұл қызмет ұсынылса және ол бос болса - Қазақстанға қайта оралуға дайын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie