Ербол Қайыров: "Бұл дайындалған сценарий деп ойлаймын"
КФФ президенттігіне үміткер Ербол Қайыров сайлаудағы жеңілісі туралы пікір білдірді
“Мүмкін, шынымен де жұмыс тәсілін қайта қарап, шынымен тәуелсіз адамдарға мүмкіндік беру керек шығар. Біздің елде халық дауыс бермейді, дауыстарды аймақтық федерациялар бөледі. Олар көзге күліп, қолдау білдіретінін айтып, жобаның ұнағанын жеткізеді. Бұл жоба алдымен халық пен жанкүйерлер үшін арнайы ұсынылған еді. Бірақ 34 дауыс бір кандидаттың пайдасына, ал маған 0 дауыс — бұл тым айқын жағдай. Бұл жерде қандай да бір қысым болғаны және шешім алдын ала қабылданғаны байқалады. Сонымен қатар, сайлау нәтижесі жариялануынан екі минут бұрын Telegram-дағы бір арнада сайлауда жеңген адам туралы жазба пайда болды. Бұл дайындалған сценарий деп ойлаймын”, – деді Қайыров metaratings.kz берген сұқбатында.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру нәтижесі бойынша Ербол Қайыров бір дауысқа да ие бола алмай, оның қарсыласы 34 дауыс жинаған Марат Омаров ҚФФ-ның жаңа президенті болды.
Футбол
Бүгін 07:47
Футбол
Бүгін 07:34