locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Эмоциялар шарықтап тұр» – Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы туралы

«Сабах» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтті
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
фото: ФК "Сабах"
Чемпиондар Лигасы
25.08.2026, Аяқт.
Сабах
5
Хапоэль Беэр-Шева
2

Қазақстан құрамасы мен әзербайжандық «Сабах» командасының қақпашысы Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне тарихи жолдама алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық қақпашы өзінің көптен бергі арманы орындалғанын әлі толық сезіне алмай жүргенін мойындады. Сондай-ақ, ол командадағы жеңісті тойлау сәті мен турнирдің жалпы кезеңіндегі жеребе күтуі туралы айтты.

«Эмоциялар шарықтап тұр, сөз жоқ. Әлі де сенбеймін, біздің ортақ арманымыз орындалғанына көзім жетпей тұр. Қазір киім ауыстыратын бөлмеде нағыз хаос болып жатыр, бұл хаос әлі де жалғасатын сияқты. Барлығымыз жиналып, бұл жеңісті міндетті түрде атап өтеміз. Енді дайындалып, жеребені күтеміз. Біздің ертегі жалғасуда... Құрама? Мен кеңейтілген тізімге ендім, бапкерлермен сөйлестім. Әрдайым айтатыным: мені шақырса, бақытты боламын. Әр спортшы мен футболшы үшін құрама сапында ойнау – ең жоғары жетістік», – деді Стас Покатилов Tenbildop.kz порталына берген сұхбатында.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы іріктеу плей-оффының қарымта матчында «Сабах» өз алаңында Беэр-Шеваның «Хапоэль» клубын қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді.

Алғашқы кездесуде Израиль командасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда, қарымта ойындағы камбэктің арқасында Валдас Дамбраускастың командасы екі матчтың қорытындысы бойынша 6:4 есебімен басым түсті.

Осылайша, «Сабах» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie