Қарғыс: Покатилов «Хапоэльмен» матчта екінші өрескел қателік жасады
«Сабах» қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты ойында «Хапоэльге» қарсы екінші өрескел қателікке жол берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
61-минутта Гай Мизрахи израильдік команданы алға шығарды. Бұл голда да Покатиловтың сәтсіз ойыны шешуші рөл атқарды – ол допты ойынға дұрыс қоспай, қарсыласқа мүмкіндік сыйлады.
Ойынның 10-минутында Стас өрескел қателік жасап, азербайжандық команданың қақпасына алғашқы голды енгізуге себеп болды. Қазақстандық қақпашы дәлсіз пас беріп, қарсылас допты қағып әкетіп, израильдік команданың шабуылшысы Игор Златанович есеп ашты.
Қақпашының екі өрескел қатесіне қарамастан, «Сабах» матчты овертаймға жеткізіп, қосымша уақытта есепті 3:2-ге жеткізіп, өз пайдасына шешті.