locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Елордада UEFA Playmakers бағдарламасы аясында қыздарға арналған тегін футбол жаттығулары өтеді

Елордада UEFA Playmakers бағдарламасы аясында қыздарға арналған тегін футбол жаттығулары өтеді
ФОТО: kff.kz

Делегацияның бұл сапары бағдарламаның белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын және оң нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын көрсетті. Балалар қуанышпен ойын түріндегі жаттығуларға қатысып, физикалық қабілеттерін дамытып, командалық жұмысқа үйреніп, өз күштеріне сенімді бола бастады.

ҚФФ жобаның дамуына қолдау көрсетуді жалғастырып, оны сәтті жүзеге асыру үшін және көбірек баланың спорттық белсенділікке қатысуын қамтамасыз етуге күш салатын болады.

УЕФА-ның 1Playmakers1 бағдарламасы 5–8 жас аралығындағы, бұған дейін футбол ойнамаған қыз балаларды осы ойынға тартуға бағытталған. Бағдарлама мақсаты – бұл спорт түрімен танысуға қолайлы және жайлы атмосфера қалыптастыру, спортқа қызығушылықты ояту және заманауи жаттықтыру әдістемелерін енгізу. Сабақтар қызықты ертегі сюжеттері негізінде ойын түрінде өткізіледі, бұл балалар үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар өте қызықты болады - деп хабарлайды kff.kz.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie