locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эдегор мен Холанд Қазақстанға келеді

Эдегор мен Холанд Қазақстанға келеді

Ағылшын премьер-лигасының үздік сұрмергені Эрлинг Холанд Новегия сапында Алматыда өтетін Қазақстанға қарсы ойынға қатысады.

2024/25 жылғы Ұлттар лигасының бірінші туры аясындағы Қазақстан – Норвегия матчы 6-ші қыркүйекте Алматыда өтеді және жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады.

Бұл Қазақстанның В дивизионындағы алғашқы ойыны болмақ. Холандпен бірге команда да «Арсеналдың» капитаны Мартин Эдегор, өткен маусымдағы Ла Лигадағы екінші ең көп үздік сұрмерегені болған Александр Серлот және әлемнің үздік бес лигасында ойнайтын 11 ойыншысы бар. Норвегияның толық құрамы келесідей:

Қақпашылар: Орьян Ниланд ("Севилья") Эгил Селвик ("Хеугесунн") Матиас Дюнгеланн ("Бранн");

Қорғаушылар: Кристофер Айер ("Брентфорд") Йеспер Даланн ("Кардифф") Андреас Ханче-Ольсен ("Майнц") Юлиан Рюэрсон ("Боруссия" Дортмунд) Лео Эстигор ("Ренн") Фредрик Бьеркан ("Буде-Глимт") Фредрик Шевольд (Буде-Глимт") Давид Меллер Вольф ("АЗ");

Жартылай қорғаушылар: Мартин Эдегор ("Арсенал") Сандер Берге ("Фулхэм") Патрик Берг ("Буде-Глимт") Феликс Мюхре ("Бранн") Арон Деннум ("Тулуза") Осаме Сахрауи ("Лилль") Антонио Нуса ("РБ Лейпциг") Мортен Торсбю ("Дженоа") Кристиан Торстведт ("Сассуоло");

Шабуылшылар: Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") Йерген Странн Ларсен ( "Вулверхэмптон") Александр Серлот ("Атлетико Мадрид")