locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бундеслига. Лейпциг Айнтрахтты жеңіп, турнирлік кестеде ұпай санымен теңесті

Бундеслига. Лейпциг Айнтрахтты жеңіп, турнирлік кестеде ұпай санымен теңесті
ФОТО: Getty Images

“РБ Лейпциг” пен “Айнтрахт Франкфурт” кездескен Бундеслиганың 14-ші турының ойыны аяқталды. Алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ұпай саны бойынша “Айнтрахтты” қуып жетті.

Кездесудің 19-шы минутында “Лейпцигтің” шабуылшысы Беньямин Шешко есеп ашты. Кездесудің бірінші таймының соңында қонақтар таразы басын теңестірді. Бірақ матчтың екінші жартысына шыққаннан кейін, “бұқалар” Луа Опенданың голының арқасында алға шықты.

Бундеслига. 14-ші тур. 15-ші желтоқсан.

РБ Лейпциг - Айнтрахт Франкфурт – 2:1

Голдар: Шешко, 19, Опенда, 51 - Браун, 40.

Турдың қорытындысы бойынша қос команданың еншісінде 27 ұпай бар. “Айнтрахт” доп айырмасының арқасында жоғары, 3-ші орында табан тіреді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie