Букмекерлер Словения-Қазақстан матчына болжам жасады
Футбол
09 қыр 2024 06:03
Сергей Завалко
sports24 сарапшы
Букмекерлер Словения-Қазақстан матчына болжам жасады
Букмекерлер Словения мен Қазақстан құрамалары арасында өтетін Ұлттар Лигасының екінші турындағы матчтың ең ықтимал нәтижесін атады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Сарапшылар Словенияны осы сайыстың фавориті деп санайды. Олардың пікірінше, жекпе-жек словендіктердің 1:0 жеңісімен аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Норвегияға қарсы ойында нөлдік тең нәтижемен бастады. Словения өз кезегінде Австриямен ұпай бөлісті (1:1).
Словения-Қазақстан матчы 9 қыркүйекте дүйсенбіде өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 23:45 – те басталады.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44