«Боруссия» мен «Бавария» арасындағы Суперкубок үшін шайқас: онлайн қарау
Екі клуб та Германия Суперкубогына қатысу саны бойынша рекорд орнатқан
ФОТО: Бундеслига
Германия Супер Кубогы
22.08.2026, Аяқт.
Боруссия Д
1
Бавария
2
Бүгін, 22 тамызда, Дортмундта Германия-2026 Суперкубогы үшін матч өтеді. Жаңа маусымның алғашқы трофейі үшін «Боруссия Дортмунд» пен «Бавария» таласады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 23:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Setanta Sports 1 телеарнасы көрсетеді.
- Матчтың ең қызықты сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді
«Бавария» Германияның қазіргі чемпионы және ел Кубогының иегері ретінде Суперкубокқа қатысу құқығын алды. «Боруссия Дортмунд» өткен маусымдағы Бундеслиганың күміс жүлдегері ретінде турнирде бақ сынайды.
Екі клуб та Германия Суперкубогына қатысу бойынша рекордшы. «Бавария» бұл трофейді 11 рет иеленген, ал жеті мәрте финалда жеңіліп қалған. «Боруссияның» еншісінде алты жеңіс пен алты жеңіліс бар.
Арсен Алиев
Редактор