locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Борис ЦМИЛЯНИЧ: "Астана", "АПОЭЛ"-мен тең дәрежеде ойнай алады, бірақ жеңіске жету мүмкіндігі кипрліктерде жоғары"

Борис ЦМИЛЯНИЧ: "Астана", "АПОЭЛ"-мен тең дәрежеде ойнай алады, бірақ жеңіске жету мүмкіндігі кипрліктерде жоғары"
ФОТО: Getty Images

Кипрлік "Кармиотисса" клубының шабуылшысы Борис Цмилянич, "Астана" командасының "АПОЭЛ" – ге қарсы мүмкіндіктерін бағамдады, деп хабарлайды Sports24.kz сайты.

"АПОЭЛ - қазіргі уақытта ұлттық чемпионатта ең жақсы нәтижелер көрсетіп жатқан жоқ. Алайда, кипрлік команда Конференция лигасында бірнеше жақсы матч өткізді. Сол себепті, "Астанаға" қарсы ойын қиынға соғуы мүмкін. Дегенмен, елордалық команда да соңғы бірнеше айда жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүргенін байқадым."Астананың" бүгінгі ойында қарсыластарымен тең дәрежеде ойнауға қауқары жетеді деген ойдамын. АПОЭЛ – тәжірибелі команда, құрамында көптеген легионерлер бар, жанкүйерлері тамаша және аты шыққан клуб, сондықтан мен қызықты матч күтемін, бірақ "АПОЭЛ"-дің жеңіске жету мүмкіндігі сәл жоғарырақ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде "Астана" Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізеді. Алтыншы турда қазақстандық клуб сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ командасымен кездеседі. Ойын Никосия қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie