Бауыржан Байтана Жеңіс сапында бірде-бір ойын өткізбей командадан кетті
Футбол
Кеше 21:54
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана "Жеңіс" футбол клубымен келісімшартын тоқтатты. Бұл туралы елордалық клубтың ресми дереккөздері хабарлады.
Оның командадан кетуінің басты себебі – келісімшарт мерзімінің аяқталуы.
Естеріңізге сала кетейік, Байтана осы жылдың тамыз айында "Актөбеден" еркін агент ретінде "Жеңіске" ауысқан болатын. Алайда, 32 жастағы ойыншы астаналық команда сапында алаңға бірде-бір рет шықпады.
Өз мансабында Бауыржан Байтана "Актөбе", "Тараз", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Тобыл" және "Сұңқар" клубтарында өнер көрсетті.
Танымал жаңалықтар