«Барлық жауапкершілік бас бапкерде» — Бекбаев Молдовамен матчтағы сәтсіздік туралы
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев УЕФА Ұлттар лигасының үшінші турында Молдоваға өз алаңында 1:2 есебімен жеңілгеннен кейінгі себептер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Ойыннан алғаным — тек көңілсіздік. Бұл жерде барлық жауапкершілік бас бапкерде. Джон ван 'т Схип кезінде де, Талғат Байсуфинов кезінде де бізде сол футболшылар ойнады, бірақ қазір мүлде басқа футбол көрсетіп жүрміз. Мұнда Молдоваға есе жібердік, ал жақында ғана Солтүстік Македониямен тең дәрежеде ойнаған едік. Молдова мықты қарсылас болып шықты, прессингтен жақсы шығып, шабуылға сенімді түрде ұмтылды. Біздің ел үшін бұл өте ауыр жеңіліс», — деді Алмат Бекбаев.
Ұлттар лигасындағы топта позитив жоқ
Қазақстан үшін биылғы турнир әзірге жеңіссіз өтіп жатыр. Алдымен команда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті, кейін Словакия мен Молдоваға қатарынан 1:2 есебімен жол берді. Жағдайды өзгертуге келесі мүмкіндік 6 қазанда пайда болады. Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарын қабылдаса, Молдова үйінде Словакиямен кездеседі.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон Ван ’т Схип өз қызметінен кету мүмкіндігі туралы пікір білдірді.