locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасын Люблянада 100-ден астам жанкүйер қолдайды

Футбол 09 қыр 2024 14:23
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Люблянада Қазақстан құрамасын қолдауға 100-ден астам жанкүйер келеді

9 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Словения құрамасына қарсы УЕФА Ұлттар Лигасының В дивизионы, 3-топ аясында ойнайды. Матч "Стожице" стадионында өтеді.

Қазақстан құрамасын Словенияның астанасы Люблянада 100-ден астам қазақстандық жанкүйер келіп қолдамақ.

Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйекте Ұлттар Лигасының алғашқы турында Станислав Черчесовтің шәкірттері Алматыдағы "Орталық" стадионда Норвегия құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Қазақстан құрамасымен бір топта Норвегия, Словения және Австрия құрамасы ойнайды.